Қазақстанда сәуір айында ауа райы қандай болады


18:46, 2 наурыз 2026

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан бойынша көктемнің екінші айына қатысты ұзақмерзімді синоптикалық болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Сәуір айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтіледі».

Ауа температурасы:

  • республикамыздың басым бөлігінде нормадан жоғары, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде (Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында) нормаға жуық болады.

Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері:

  • нормаға жуық – республика аумағының басым бөлігінде,
  • нормадан жоғары – батыс бөлігінде (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының батыс бөлігінде), республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда (Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, шеткі аймақтарда, Абай облысының оңтүстік-шығысында).

«Сәуір айына арналған егжей-тегжейлі болжам 15 наурызда жарияланады». «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге (3, 4 және 5 наурыз) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.