14:12, 23 тамыз 2025
Egov.kz порталы мен Ұлттық білім беру деректер базасында жүктеменің жоғары болуына байланысты колледжге түсуге өтініш беру кезінде талапкерлерде уақытша қиындықтар туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда барлық техникалық ақау жойылды. Барлық талапкер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында құжат қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері ұзартылды.
«Шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша конкурсты аяқтау мерзімі – 24 тамызға дейін. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін. Орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша – 27 тамызға дейін», — деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Барлық сұрақ бойынша мына жерге жүгінуге болады.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялаған еді.






Leave a Reply