09:33, 23 шілде 2025
Ұлттық банк «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері филиалдарының және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ есеп беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды қоса отырып, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарының және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның есептерді ұсынуының бірыңғай қағидаларын бекіту ұсынылады.
Осылайша, Ұлттық Банктің нормативтік есептілікті ұсыну бойынша өзара байланысты ұқсас мәселелерді реттейтін үш нормативтік құқықтық актісі біріктірілетін болады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі No 54 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 2 наурыздағы No 22 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 29 маусымдағы No 139 Қаулысы.






Leave a Reply