Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді


18:01, 8 қаңтар 2026

Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 қаңтарда Шымкент полиция департаменті жедел іс-шаралар нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады.

«Қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар мегаполис тұрғындарымен сөз байласқан», — деп хабарлады полиция.

Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату фактілері анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады.

Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді.

Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады».Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі