17:21, 5 наурыз 2025
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнде, яғни 2025 жылдың 6, 7 және 8 наурызында Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
6 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -6…-8°C, күндіз: шамамен 0°C.
7 наурыз: аспан бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -3…-5°C, күндіз: 0…-2°C.
8 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5…-7°C, күндіз: 0…-2°C.
Шымкент
6 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -1…+1°C, күндіз: +15…+17°C.
7 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +4…+6°C.
8 наурыз: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +10…+12°C.
Бұған дейін синоптиктер Алматыда алдағы үш күнде тағы да қар жауады деп болжанатынын жариялаған.






Leave a Reply