Шаңғымен тұғырдан секіруден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті


17:10, 30 желтоқсан 2025

Оберстдорфта (Германия) шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды.

Нәтижесінде ең үздік көрсеткішті Илья Мизерных тіркеді. Ол 24-орынға ие болды.

Ал Данил Васильев өз өнерінің қорытындысы бойынша 45-орынға тұрақтады.