18:19, 5 наурыз 2026
Синоптиктер 2026 жылғы 6 наурыз, жұма күніне арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше:
«Солтүстік-батыстан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағына жауын-шашын (жаңбыр, қар) алып келеді. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі».
Болжамға сәйкес, республика бойынша желдің екпіні күшейеді. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.






Leave a Reply