Украинаның Жоғарғы Радасы монета атауын өзгертуге келісті


13:18, 19 желтоқсан 2025

Украинаның Жоғарғы Радасы ақша бірлігін қайта атау туралы шешім қабылдады. Енді елдегі «копейки» орнына «шаг» атауы қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Тиісті заң жобасына 264 депутат дауыс берді, бір парламентші қарсы болды, үшеуі қалыс қалды.

Украина Ұлттық банкінің мәліметі бойынша айналымда 14 миллиардқа жуық монета бар. Шын мәнінде, алдағы 3-4 жылда тағы бірнеше ондаған миллион жаңа «50 шаг» монеталар шығарылады, содан кейін олардың өндірісі тоқтауы мүмкін.

«Шын мәнінде, монеталар, атауына қарамастан, инфляция және ұлттық валютаның құнсыздануы аясында жақын арада жоғалады…», – деп толықтырды ведомство.

Тиісті бастаманы Украинаның Ұлттық Банкі өткен жылы ұсынған болатын. «Шаг» атауы нақты украин атауын білдіреді.

Бұған дейін Зеленскийдің президенттік сайлауда дауыс беру мүмкіндігіне қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.