17:02, 14 тамыз 2025
Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны үшем босанып, 11 баланың анасы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, үшемнің анасы 43 жастағы Орынкүл Нурабаева. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм.
Сурет: gov.kz
Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында.
«Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды»,- делінген ақпаратта.
Сурет: gov.kz
Бұған дейін Өскеменде ерекше салмақпен қыз бала дүниеге келгендігін жазған болатынбыз.






Leave a Reply