22:05, 11 қараша 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 11 қарашада мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әзербайжаннан Түркияға ұшып бара жатқан түрік әскери-транспорттық C-130 ұшағы 11 қараша күні Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 20 адам болған.






Leave a Reply