Трамп Путинмен кездесер алдында бірнеше маңызды мәлімдеме жасады


21:50, 11 тамыз 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 тамызда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуі түпкілікті емес екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бөлек ол тағы мыналарды айтты:

  • Трамп Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды айтатынын жеткізді. «Сонымен, мен Владимир Путинмен сөйлесіп, оған: «Сіз бұл соғысты тоқтатуыңыз керек, оны аяқтауыңыз қажет», деп айтамын», — деді ол.
  • Трамп келіссөздер барысында Ресей мен Украина арасында территориялармен алмасу болатындығына сенетінін растады.
  • Сондай-ақ ол Аляскада Владимир Путинмен кездескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Трамп Зеленскийдің кездесуге қатысуы мүмкін екенін мойындады.
  • Трамп Мәскеумен арада сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті және «Ресей Федерациясы өте құнды жер ресурстарына ие» деп сөзін толықтыра кетті.
  • Трамптың айтуынша, ол кездесудің алғашқы минуттарында-ақ Украина бойынша мәмілеге келуге болатын-болмайтынын түсіне алады.

Бұған дейін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.