Тоқаев Рим Папасын 70 жасқа толуымен құттықтады


10:01, 14 қыркүйек 2025

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.