17:44, 11 қараша 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Сурет: akorda.kz
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшқанын хабарлағанбыз.






Leave a Reply