18:44, 21 сәуір 2025
2025 жылы 21 сәуірде кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.
Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.






Leave a Reply