Тоқаев Мьянма премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады


09:00, 29 наурыз 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.