Тоқаев Минскіге барды


17:14, 26 маусым 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағы Беларусь астанасы Минск қаласына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметі әуежайдан түсірілген бірнеше фотосуреттерді жариялап, Мемлекет басшысын қалай күтіп алғанын көрсетті.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады.