ТЖМ жаңа туған сәбидің өміріне араша сәттің видеосын жариялады


14:41, 20 сәуір 2025

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өмірін аман сақтап қалу үшін құтқарушылар да жұмылдырылды. Олар нәрестені ТЖМ тікұшағымен Риддерден Өскеменге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шалт қимылды талап еткен оқиғаның видеосымен ҚР ТЖМ баспасөз қызметі бөлісті.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Руслан Агламбеков пен Олег Алфеев сәбиді «Ми-8″ тікұшағымен Риддер қаласынан Өскеменге жедел медициналық көмек көрсету үшін жеткізді. Санитарлық авиация дәрігерлерінің бригадасы бортта қолдау көрсетті», делінген министрлік хабарламасында.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ұшу қиындықсыз өтіп, сәби медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.