ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісінен кейін сел қаупі бар учаскелерді тексерді


17:58, 17 ақпан 2026

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.