Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды


Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

D тобындағы шешуші матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбияны 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңсе, Елена Рыбакина Юлиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Финалдық кезең 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.