тележүргізуші күйеуі мен балаларына жылы лебізін білдірді


10:21, 22 қыркүйек 2025

Белгілі қазақстандық тележүргізуші және дизайнер Динара Сәтжан 21 қыркүйекте өзінің 43-ші туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, ол Instagram-дағы оқырмандарына әсерлі алғыс хатпен жүгінді.

«Өмірім үшін Алла Тағалаға алғыс айтамын! Ата-анама алғыс айтамын – маған деген сенімі үшін. Күйеуіме алғыс айтамын – махаббаты мен қасымда болғаны шін. Балаларыма рахмет – мені шынайы еткені үшін. Достарыма алғыс айтамын – әрқашан мені қолдағандары үшін. Менің командама және пікірлес адамдарға алғыс айтамын – бірге жасаған жұмыстарымыз үшін! Оқырмандарыма да сүйіспеншілік пен жылулық үшін алғыс айтамын», – деп жазды Сәтжан.

Бұған дейін Imanbek-тің тағы да «Грэмми» сыйлығына ұсынылғанын жазғанбыз.