17:06, 22 қаңтар 2026
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды.
Екінші айналымда ол Франция өкілі Варвара Грачеваны (WTA рейтингі — 77) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Турнирдің төртінші айналымына шығу үшін Рыбакина Чехия теннисшісі Тереза Валентовамен кездеседі.
Мельбурндегі жарыста қазақстандықтар арасынан Елена Рыбакинадан бөлек Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина да өнер көрсетіп жатыр.






Leave a Reply