09:11, 2 қараша 2025
Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.
Матч бар болғаны 58 минутқа созылды.
Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.






Leave a Reply