21:46, 13 ақпан 2025
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 13 ақпанда Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтап, ширек финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швентектен жеңіліп қалды. Кездесу 2:6, 5:7 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Рыбакина үш эйс жасап, төрт бір брейк-пойнттың біреуін пайдаланды, бір қос қателік жіберді. Ал Швентек бір эйс пен бір қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Рыбакина жеңілгенімен, екінші сетте айтарлықтай қарсылық көрсете білді, алайда партияны тайбрейкке дейін жеткізе алмады.
Турнирдің қазіргі чемпионы Ига Швентек енді жартылай финалда Онс Жабер (Тунис) — Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. Дохадағы турнир 9-15 ақпан аралығында өтеді.






Leave a Reply