Рыбакинаның Римдегі турнирде қанша ақша тапқаны белгілі болды


12:32, 12 мамыр 2025

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-ші орын) Римдегі (Италия) турнирдің үшінші айналымындағы матчта канадалық Бианка Андреескадан (121-ші орын) сенсациялық түрде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz мәліметінше, Рыбакина үшінші айналымға қатысқаны үшін 38 313 Еуро (22 млн 236 мың 482 теңге) табыс тапты. Сондай-ақ, спортшы 65 рейтингтік ұпай алады.