Ресейлік әнші Сергей Лазарев Қазақстанға келмекші


11:20, 19 сәуір 2026

Танымал ресейлік әнші Сергей Лазарев Қазақстанда екі концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Астана мен Алматы қалаларында өтетін концерттерін өзінің ресми сайтында жариялаған.

Сурет: sergeylazarev.ru

Елордадағы концерт «Конгресс-центр» сахнасында өтеді деп жоспарланған. Фан-аймақтағы билет бағасы 30 мың теңгеден басталады.

Ал Алматыдағы концерт «Алматы Арена» кешенінде өтпек. Мұнда фан-аймақ билеттерінің бағасы 25 мың теңгеден басталады.

18 сәуір күні бұл ақпаратты Русское Радио Азия бағдарламалық директоры Малик Рузиев Instagram желісінде жариялап, концерттердің өтетінін растады.

Сурет: sergeylazarev.ru

Бұған дейін миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын жазғанбыз.