09:42, 7 наурыз 2026
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 76-ракеткасы) АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы жарыстың үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Путинцева жекелей сындағы екінші айналымда даниялық Клара Таусонға (әлемнің 17-ракеткасы) 6:7 (9:11), 2:6 есебімен есе жіберді.
Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бір қос қателік жіберіп, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін ғана сәтті пайдаланды.
Келесі айналымда Таусон аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.






Leave a Reply