12:40, 31 мамыр 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Астана маңындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, аталған еске алу шарасында сөз сөйледі. Одан кейін Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.
Сурет: Ақорда


1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.






Leave a Reply