09:47, 28 ақпан 2025
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қоқыс астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Astana TV соңғы күндері көпқабатты үйлердің аулалары стихиялық полигондарға айналып бара жатқанын жазды.
Қоқыс жәшіктері асып-тасып жатыр, соның салдарынан ауланы өткір иіс алып, маңынан өту мүмкін емеске айналған. Жергілікті тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін екі есе көп төлей бастағанын, алайда жағдайдың тек нашарлап жатқанына наразы.
Қалалық әкімдікте қоқыс коллапсының туындағанын мойындап, алдағы күндері проблемалық учаскелерді ретке келтіругеһ уәде берді. Қалада қоқыс шығарумен төрт кәсіпорын айналысатыны белгілі болды. Олардың бірінде техниканың бұзылуы қоқыстың жиналуына әкелді.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда сиыр етінің бағасы шарықағаны хабаланған






Leave a Reply