Павлодар облысында полицейлер қараусыз мал иелерін анықтады


14:28, 22 қыркүйек 2025

Павлодар облысы Ертіс ауданында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында автожол бойында қараусыз жайылып жүрген 25 жылқы анықталды.

Полиция қызметкерлері мал иелерін жауапқа тартып, мұндай жағдайдың жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ертіс ауданы аумағында учаскелік полиция инспекторы Ертіс ауылы маңындағы автожолда қараусыз жайылып жүрген 25 жылқыны анықтады. Бұл жағдай көлік жүргізушілері үшін жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы әбден мүмкін еді.

«Полицияға хабар түскеннен кейін учаскелік инспектор мал иелерін анықтап, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды», – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Атығай Айғазинов.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Ертіс ауданында автожолдарда және қараусыз жайылымдарда жүрген 100-ден астам мал арнайы тұрақтарға қамалған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзған 76 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.