16:04, 25 мамыр 2025
Каратэден Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 75 келіде сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов алтын медаль иеленді. Осылайша ол каратэден Азияның үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) ирандық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп ол үшінші мәрте қатарынан Азия чемпионатының алтын медалын иеленді.
Бұған дейін ол 2023 жылы Малайзияда, 2024 жылы Қытайда Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Бүгін аталған жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль салынған болатын. Олардың бірі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жоламан Биғабылға, сондай-ақ қыздар арасында 19 жасар Дайяна Даренцкаяға тиесілі.






Leave a Reply