10:01, 26 наурыз 2026
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 26 наурызында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.






Leave a Reply