Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздікте қандай бұзушылықтарға жол бергені белгілі болды


13:08, 6 қаңтар 2026

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкіметтегі брифингте 2025 жылы мемлекеттік органдардың цифрлық қауіпсіздік саласында жіберген бұзушылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министр нақты тізімді қазір атай алмайтынын ескертті, бірақ кейбір мысалдарды келтірді.

«Негізгі бұзушылықтар – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелердің кейбіріне ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығына қосылмаған кезде орын алады. Бұл – аналитикалық орталық, ол барлық жүйенің дұрыс жұмыс істеп жатқанын, мүмкін болатын сәтсіздіктер мен қауіптерді бақылауы тиіс. Сонымен қатар, инфрақұрылым талаптарына сәйкес келмеуі сияқты кейбір ережелердің сақталмауы да бар», – деді Коняшкин.

Ол әрбір мемлекеттік орган өзіне тиесілі ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік атқаратынын атап өтті.

«Өткен жылы бұл жауапкершілік деңгейі бірінші басшыларға дейін көтерілді», – деп еске салды вице-министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиевтің мемлекеттік органдарды қазақстандықтардың деректерін қорғауды күшейтуге шақырғанын жазғанбыз.