20:31, 4 қараша 2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 4 қарашада сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство аталған уақыт аралығында ақпараттық жүйе жұмыс істемейтінін ескертті.
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 4 қарашада сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда салық өтініші жаңа жүйе арқылы тапсырылатыны хабарланған.






Leave a Reply