Маңғыстау облысында темір жол қауіпсіздік талаптарын орындамаған мердігер мекеме жауапқа тартылды


12:30, 27 желтоқсан 2025

Маңғыстау облысында темір жол өткелдерін күтіп-ұстаудағы талаптарды орындамаған мердігер мекемеге тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясымен Маңғыстау — Қызылтөбе аудандық маңыздағы тас жол арқылы өтетін №119 бағытындағы теміржол өткеліне кешенді тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, күтіп-ұстауға жауапты мекемеге жазбаша нұсқама берілді.

Алайда соңғысы жазбаша нұсқаманы орындалмай, жол және техникалық инспекциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот қаулысымен жауапқа тартылды.