20:30, 14 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзербайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметінше, бұл турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында екі спортшымен өнер көрсетеді.
Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.
Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерекешева екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.






Leave a Reply