18:49, 24 қазан 2025
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ағымдағы айдың соңына дейінгі ауа райының алдын ала болжамын ұсынды. Мамандар демалыс күндері жылы және күн райы жауын-шашынсыз болатынын айтады. Бірақ, арғы күндері жаңбыр мен қатты жел болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптики отметили, что последние дни месяца – 30 и 31 октября – пройдут в ритме размеренной осени. В городе снова установится переменная облачность, без дождей, с легким восточным ветром и комфортной температурой: днем около +16+18°C, ночью +5+7°C.
Прогноз погоды по Алматы на 25 – 31 октября 2025 года:
25 октября: переменная облачность, без осадков. Ветер юго-восточный 3-8 м/с. Температура воздуха ночью +7+9°C, днем +20+22°C.
«Қазгидромет» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, қазан айының соңында ау райы Алматыда күзге тән мінез танытып, құбылмалы болады.
«Қалада 25-27 қазан аралығында ауа райы жылы болады. Аспанда көшпелі бұлттар байқалады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағаны +20…+22°C, ал түнде +7…+9°C жылыны көрсетеді, алайда 28 және 29 қазанда табиғат қарашаның жақындағанын еске салады: аздап жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 13 м/с дейін. Температура да сәл төмендейді – күндіз: +16…+18°C, түнде: +6…+8°C». Жетекші инженер-синоптик Гүлтаңсық Медеуова
Синоптиктер айдың соңғы күндері – 30 және 31 қазанда күз өз мезгіліне сай мінез танытады. Қала көгінде көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр болмайды, ақырын шығыстан жел соғады, ал ауа температурасы қалыпты әрі қолайлы болады: күндіз +16…+18°C, түнде: +5…+7°C.
Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы 25-31 қазанға арналғанауа райы болжамы:
- 25 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7…+9°C, күндіз: +20…+22°C.
- 26 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +20…+22°C.
- 27 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +18…+20°C.
- 28 қазан: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +16…+18°C.
- 29 қазан: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +15…+17°C.
- 30-31 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5…+7°C, күндіз: +16…+18°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда Республика күнінде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.






Leave a Reply