Кирилл Герасименко Азия Кубогын жеңіспен бастады
Қытайдың Шеньчжень қаласында үстел теннисінен 34-ші Азия кубогы басталды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Тайпей спортшысы Ченг-Жуи Каоны тартысты матчта 3:2 есебімен жеңіп, сәтті бастама жасады.
Кирилл Герасименко — Ченг-Жуи Као 3:2 (5:11, 11:6, 11:9, 4:11, 11:8).
Сонымен бірге Қазақстанның намысын Зәуреш Акашева мен Сарвиноз Миркадирова да қорғап жатыр.
Айта кетейік, Азия Кубогы 23 ақпанға дейін жалғасады.




Leave a Reply