Испанияда тағы бір пойыз апаты орын алды


12:56, 21 қаңтар 2026

Соңғы үш күн ішінде Испанияда екінші теміржол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барселона қаласына жақын маңда жүретін қала маңындағы пойыз рельстен шығып кетті. Құтқарушылардың алдын ала болжамынша, нөсерлі дауыл салдарынан болған көшкін тіреу қабырғаның құлауына себеп болған. Бұл туралы The Associated Press агенттігі жазды.