09:09, 21 маусым 2025
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның зымыран инфрақұрылымына қарсы жаңа соққы толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 21 маусым күні ведомство Telegram-арнасында хабарлады.
«Әскери-әуе күштері Иранның орталық бөлігіндегі зымырандарды сақтау және ұшыру нысандарына соққылар сериясын бастады», — делінген хабарламада.
Аталған мәлімдеме Тегеран тарапынан түнгі шабуылдан кейін бірден жарияланған.
Еске салайық, Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр.






Leave a Reply