Жетісу облысында кәсіпкерге қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін жер заңсыз берілген


10:46, 21 маусым 2025

Жетісуда прокурорлар жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген.

«Талдықорған прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.