«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды


 Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасы аяқталды.

Қазақстандық команда финалда «Vtv Binh Dien Long An» (Вьетнам) командасымен кездесіп, жеңіске жетті. 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18)

 Бұл турнирде осыған дейін Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.

Енді талдықорғандықтар өз тарихында алғаш рет қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысады.