11:28, 7 маусым 2025
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 маусымда еліміздің оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. , деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ найзағай кезінде ел азаматтары өздерін қалай ұстауы керектігін ескертті:
Үйде:
- терезелер мен есіктерді жабыңыз;
- электр құрылғыларын өшіріңіз.
Көшеде:
- ғимартқа кіріңіз;
- металл қорғаныш жабындысы мен ағаштың астында тұрмаңыз;
- көлікте болыңыз;
- мотоциклден/велосипедтен түсіңіз;
- қолшатырды ашпаңыз;
- ұялы телефонды сөмкеге салыңыз;
- киімге металл аксессуарларды тағуға болмайды.
Табиғатта:
- биік ағаштардың астына тығылмаңыз;
- жар секілді көлегей ойпаттарды паналаңыз;
- су қоймаларынан аулақ болыңыз.
«Найзағай жарқылдаған сәтте күн күркіреу қатар жүрсе, онда найзағайдың ошағы жақын тұста деген сөз», – дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін төтеншеліктер жер сілкінісі кезінде жасалатын қажетті 10 қарапайым қадаммен бөліскен болатын.






Leave a Reply