17:58, 24 қазан 2025
Қазақстанда алдағы сенбіде, 2025 жылғы 25 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика күнінде жауын-шашын еліміздің кейбір өңірлерінде ғана болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамға сәйкес:
«Солтүстік антициклондар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын, онда да негізінен жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман болып, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел тұрады деп күтіледі».
Бұл ретте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:
- өрт қаупі жоғары — Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде,
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, шығысында, батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында.
Синоптиктер бүгін Алматы, Астана және тағы 11 қала тұрғындарына ауа сапасына қатысты ескерту жариялаған болатын.






Leave a Reply