Елімізде заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды


13:34, 25 сәуір 2025

Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 5 компанияның тек геологиялық барлау жүргізуге рұқсаты болғанымен, олар бағалы металлды өндірумен және өңдеумен айналысқан.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тінту кезінде 6 700 тоннадан астам алтын құрамды руда, 300 тонна сұйық руда, 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген.

Қазір полиция 60-тан астам қызметкер мен ұйым басшыларын ұстады, деп жазады qazaqstan.tv.

Аталған фактілер бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.