13:28, 21 наурыз 2025
Елордалық департаменттің күштері мен құралдары 2025 жылғы 21 наурызда Целиноград ауданының Қоянды а. апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, құтқарушылар қаптарды инертті материалдармен толтыру және су сору жұмыстарын жүргізетін болады.
«Көмекке барлығы 15 адам, 2 техника және 3 жылжымалы мотопомпа жіберілді»,- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қостанай облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мұз басқан тоғанға шығып кеткен төрт аяқты жануардың өлуіне жол бермей, құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply