Елордада «Хан шатыры» артындағы жолға байланысты ескерту жарияланды


13:19, 14 маусым 2025

Астанада Достық пен Қонаев көшелері бойында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, аталған учаскеде 14-19 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен шектеліп, «Хан Шатыры» артындағы жол жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.

Сызба, Астана, жол жөндеу, Хан Шатыры, Қонаев, Достық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2025 13:19

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Айта кетсек, еліміздің батысында биыл 642 шақырым жол жөнделуде.