Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріндегі өнерін қашан бастайды


17:30, 29 қазан 2025

Әлемдегі ең үздік сегіз теннисші қатысатын WTA маусымның қорытынды турнирінің ұйымдастырушылары жарыстың алғашқы күндерінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы қорытынды турнир Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Бұл додаға қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да қатысады.

Әлемнің алтыншы ракеткасы Рыбакина жеке сында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – америкалық Аманда Анисимова. Кездесу 1 қараша күні, Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады.

Ал WTA Finals турнирінің Серена Уильямс атындағы тобындағы ашылу матчында Ига Швентек (Польша) пен Мэдисон Киз (АҚШ) кортқа шығады.

Келесі ойындарда Елена Рыбакина Швентек пен Кизге қарсы ойнайды.