Дәулеткерей Сейфил дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды


20:10, 30 қазан 2025

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Дәулеткерей Сейфил Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ балуаны 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ақтық сында отандасымыз өзбекстандық Мирзохид Худойкуловқа есе жіберіп, екінші орын алды.