10:38, 11 маусым 2025
Дубайда әмірліктің метро желілерін кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Khaleej Times мәліметінше, жаңа метро бағыттары қаланың солтүстік-шығыс бөлігін түрлендіріп, көлік кептелістерін азайтып, Дубай халықаралық әуежайымен тікелей байланысты қамтамасыз етеді.
Сурет: Dubai Media Office
Жоба аясында Дубай айлағы ауданында жаңа метро станциясы – Emaar Properties салынады. Бұл станция әлемдегі ең биік метро станциясы болады. Оның биіктігі 74 метрді құрайды.
Сурет: Dubai Media Office
Бұл жаңа «ғаламат нысанның» 2029 жылы ашылуы жоспарланып отыр.
Бұған дейін Ресей мен Украина бейбіт келіссөздерден кейін тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңін өткізгендігін жазғанбыз.






Leave a Reply