Димаш Құдайберген Лара Фабианмен дуэт орындайды


11:53, 10 мамыр 2025

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланды. Концерт Лондонда орналасқан әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

Көрермендер үшін бұл концерт нағыз музыкалық оқиға болғалы тұр.

Шараға билеттер қазірдің өзінде сатылымда.